"Еңбек жолының" жеңімпаздары марапатталды

(0 Votes)

Аудан әкімінің аппарат басшысы Б.Жайкин «Еңбек жолы» республикалық конкурсының облыстық кезеңде топ жарған жерлестерімізді  аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.

Аталмыш конкурс жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Еңбекке етене араласқан әулеттер мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсына  «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша Қ.Әбілов  жолдама алса,  «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Ж.Абдулов  жеңімпаз атанды.
"Еңбек күні мерекесі қарсаңында мұнай саласындағы абыройлы еңбегіңіз үшін алғысымды білдіре отырып, сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге толағай табыс тілеймін делінген" алғыс хатта.

whatsapp-image-2021-09-03-at-15_53_51


А.САДЫКОВ
суреттер автордан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521