Драма үйірмесінің шәкірттері республикалық байқауда дараланды

(0 Votes)

Алматы қаласында «Өнер әлемі» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік, биік болсын тұғырың!» атты республикалық фестиваль-байқауы өткізілген болатын.

Тәуелсіздік күні мерекесі және Мемлекеттік гимн авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған онлайн шараға аудандық мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесінің оқушылары қатысқан болатын.

drama-2

Еліміздің түкпір-түкпірінен өнерлі өрендер қатысқан сайыста ауданымыздың көркемсөзшілері мәнерлеп жатқа оқудан өз шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

76c0e2c4-2d20-4d8b-9b33-5a79b9635654

Мәселен, Аяулым Сәду өзінің сөз өнерін биік бағалайтынын байқау барысында танытып, көркемсөз оқудың шебері атанып, бас жүлдені қанжығасына байлады.

3069b362-822f-4b79-97ed-6b19c2d8d07f

Ал, Аяулым Ғайса, Айтөре Жеңісбекқызы, Ақбаян Саматқызы, Гүлсезім Нұрбергенқызы, Келбет Орынғали, Гүлжан Байсымақ, Азиза Жолдыбай, Арсен-Сәбит Мейлхат, Айсара Болатбайқызы, Дильяра Есенжанқызы І орынға ие болса, Айару Ғайса ІІ орынмен марапатталды.

5454bb71-20cb-46cb-b342-6472c1ccf51b

Сондай-ақ, байқауға шәкірттерін зор ынтамен дайындап, «жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» атанған жас өнерпаздарға қолдау көрсеткені үшін тәлімгер Гүлбаршын Төленқызына «Үздік педагог» дипломы және кубогі табысталды.

drama-6

drama-1

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521