Онлайн форматында өткен "Айгөлек" фестивалінде Мақат кентіндегі "Амина Әсел» балабақшасының "Балауса"тобындағы қос бүлдіршін Бейбітқызы Амира мен Боранбай Інжу жанды дауыста ән шырқаудан жүлделі 2 –орынға ие болған еді.
Кейін Алматы қаласынан "Жұлдыздар" сайысына қатысып, 1 дәрежелі дипломды иеленді.
Балғындардың сахна төріне шығып, ұлттық өнерді дәріптеуіне ұжымымызбен разы болыстық.
Балабақша директоры Асылай Қанатқызы қос бүлдіршінге сыйлық ұсынып, жетекшісі Бағыт Тоқтасынқызы мен Нұргүл Тұрланқызына ұжым атынан алғыс білдірді.
МТ