Доссорлық сайлаушылардың белсенділігі жоғары

(0 Votes)

Доссор кенті тұрғындары таңертеңнен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысуда. Мақат мұнай және газ техналогиялық колледжі ғимаратында орналасқан №213 сайлау учаскесінде бүгін сайлаушылардың өтіп жатқан науқанға деген жоғары қызығушылығы байқалады.

Тұрғындар таңертеңгі сағат 7-ден бастап дауыс беру үшін учаскеге келуде. Айта кететін жайт, №213 сайлау учаскесінде дауыс берушілерге арналған 3 кабина, бюллетень салатын арнайы үлкен жәшік және тасымалдауға арналған 2 кішігірім жәшік қарастырылған.

Арнайы дауыс беру жәшіктері Доссор селолық ауруханасындағы емалушыларға жеткізілетін болады.

Сондай-ақ, сайлау учаскесіне келуге мүмкіндігі жоқ 7 тұрғын үйден дауыс беруге өтініш тастаған.

Сайлау учаскелері сағат 20:00-де жабылады. Осы уақытқа дейін әрбір азаматтың өз учаскесіне келіп, дауыс беруіне мүмкіндігі бар екендігін еске саламыз.

М.Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT