Ауданда 16885 тұрғын дауыс береді деп күтілуде
-
-
Автор: Мақат тынысы
-
Категория: Аудан
-
Read Time: 1 min
-
-
275
Мұнайлы өлкеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу ҚР Орталық сайлау комиссиясының бекіткен жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
Сайлау науқанына ауданда жалпы саны 12 учаскесі дайындалды. Оның алтауы Мақат, бесеуі Доссор кенттерінде және біреуі Бәйгетөбе ауылдық округінде орналасқан. Дауыс беру учаскелерінің орналасуы: мектептерде – 8, мәдениет үйлерінде – 2, спорт кешенінде – 1, жатақханада – 1.
Барлық сайлау учаскелері материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Учаскелердегі сайлау комиссиясына 12 төраға, 12 орынбасар, 12 хатшы және 48 мүше бекітілген.
Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беруге арналған пункт нұсқаулыққа сәйкес жарақтандырылған. Дауыс беру учаскелері мүмкіндігі шектеулі жандар кедергісіз кіріп-шығуына пандустармен, белгі тақтайшалармен және қажетті құралдармен жабдықталған.
Аудан бойынша сайлаушылар саны - 16885 адам болса, алғашқы дауыс берушілер саны – 347, мүмкіндігі шектеулі - 186 азамат бар. Берілген есептен шығару куәлігін алғандар – 2.
Ақпараттық жұмыстармен аудан халқы толық қамтылып, сайлаушылардың сайлау белсенділігін арттыру көзделген. Осы бағытта әлеуметтік желі, ақпарат құралдары арқылы әр сайлаушыға ашық ақпарат берілді. Аудан бойынша барлығы 5 билборд және 26 баннер орналастырылды.
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын сайлаушыларға дауыс беруі үшін учаскелік комиссиялары GPS «Investment» ЖШС, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В. Атырау филиалы, «Дифитэл» ЖШС, Мақат желілік-өндірістік басқармасы мекемелеріне тасымалданатын жәшікпен арнайы баратын болады.
Ауданда сайлау науқанына жалпы саны 1 аудандық, 11 округтік, 12 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Оның құрамындағы 141 мүше саяси науқанды өз деңгейінде атқаруға атсалысатын болады.
Кейінгі уақыттарда болып жүрген сайлаулардың нәтижесіне көз жүгіртсек, аудан тұрғындарының саяси белсенділігі тым тәуір жақсы. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рахман Мақсотовтың мәліметінше, былтыр күзде, яғни, 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында ауданда тіркелген сайлаушылардың 82,7 пайызы қатысып, азаматтық еріктерін білдірген. Осыған қарап аудан халқы да алдағы сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасайтынына сенім зор.
Айта кетейік, бұл күні Мақат және Доссор кенттерінің ішаралық қоғамдық көліктері жолаушыларды тегін тасымалдайды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2 инватакси қызмет етеді.