Доссорда «WorldSkills-2024» чемпионаты өтті

(0 Votes)
Доссорда «WorldSkills-2024» чемпионаты өтті

 Елімізде жұмысшы мамамандар даярлауда кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының алатын орны ерекше. Ауданымызда орналасқан Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен білім алған мамандар да әртүрлі салада еңбек етіп, еліміздің дамуына бір кісідей ат салысуда. Осы ретте кәсіби мамандарды даярлау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «WorldSkills-2024» чемпионаты өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін чемпионат студенттер үшін өз білімдерін тәжірбие жүзінде тексерудің ең жоғарғы деңгейі болып саналады.

«WorldSkills-2024» чемпионатының басты мақсаты – техникалық мамандықтарды насихаттау және түрлі мамандықтықтың үздігін анықтау болып табылады. Чемпионат негізінен 5 түрлі мамандық арасында өткізілді. Атап айтсақ, дәнекерлеу технологиясы, электромонтаждау жұмыстары, мехатроника, аспаз іс, сән технологиясы құзыреттіліктері бойынша сайысқа түсті.

Мақат мұнай және газ технологиялық колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы сөз сөйлеп, чемпионатқа қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. «WorldSkills-2024» чемпионатына өз саласының үздігі атанған сарапшы мамандар әділқазылық етті. Чемпионатқа «Доссор мұнай газ» МГӨБ энергетика бөлімінің басшысы Жұмабай Нұрбайұлы бас сарапшы болды.

Толығырақ "Мақат тынысы"  газетінен оқи аласыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521