Қасиетті рамазан айында «Атырау Рауан» қоғамдық қорының демеушілігі және Мақат кентінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясыакциясы өтті.
Акция барысында кенттегі аз қамтылған, жұмыссыз және әлеуметтік көмек алатын 25 отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық жанға жылу сыйлайтын іс екендігін айтқан ұйымдастырушылар аталған отбасыларды ұлық аймен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде олар да жомарт жандарға ризашылықтарын айтып, алғыстарын жаудырды.
Ж.Қамза