ДОССОРДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

ДОССОРДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ
(0 Votes)

Бүгін Мақат ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты Доссор кентінде өрт сөндіру бекетінің жаңа ғимараты ашылды.

Алдымен өрт сөндіру депосы жаңа ғимаратының ашылуына байланысты жеке құрам сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
 
Шараға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Әрінов Шыңғыс Сайранұлы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа өрт сөндіру  бөлімнің ашылуы - еліміздің қауіпсіздігі мен өркендеуіне қосылған маңызды қадам екендігін жеткізді.

 

Құттықтау легін жалғаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жаңа ғимарат өрт сөндірушілердің кәсіби қызметін тиімді әрі қауіпсіз атқаруына зор ықпал ететіндігіне сенім білдіріп, доссорлықтарды ғимараттың ашылуымен құттықтады.


 
Әрі қарай ортаға шақырылған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Мақат ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне қарасты Доссор кентіндегі №16 өрт сөндіру бекетінің бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Қосшығалиев Самат Асыланұлына өрт сөндіру бекетінің кілтін салтанатты түрде табыстады.



Сондай-ақ, ғимараттың лентасын қию рәсімі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлына мен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Талапұлына жолданды.
 
Әрі қарай шараға қатысқан аудан әкімі Азамат Мәмбетов, аудан ардагерлері мен арнайы қонақтар жаңа ғимаратты аралап, қызметімен танысты.


 
Ғимараттың жалпы аумағы — 480 шаршы метр. Өрт сөндіру депосы тез құрастырылатын жоғары сапалы модульді конструкциялардан салынған. Ғимаратта жұмыс аумағы, диспетчерлік, демалыс бөлмелері, оқу сыныбы және ас үй бар. Жабық тұраққа 2 арнайы техника сыяды.
 


Шарадан кейін абаттандыруға арналған экологиялық акция аясында жаңа өрт сөндіру бөлімінің аумағына ағаштар отырғызды.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT