БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

(0 Votes)

 Бүгін 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мақат кентіндегі “Жеңіс” сабағында мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Атаулы күнге арналған бұл тағылымды шара ел үшін жанын қиған боздақтарды еске алуға бағытталып, аудан халқының бірлігін, батыр бабаларға деген құрметін көрсетті.

Алдымен жиналған жұрт Отан үшін от кешкен ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Алғашқы болып сөз сөйлеген аудан әкімі Азамат Мәмбетов соғыс жылдарындағы халықтың ерлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге екендігін тілге тиек етіп, аудан тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады.

Шара барысында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерғазы Жоламанов та сөз алып, ардагерлерге деген құрметтің ешқашан сөнбеуі керектігін жеткізді.

Әрі қарай ауданға қарасты барлық мекеме ұжымы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Жеңіс күніне арналған бұл салтанатты шара елдік рухты көтеріп, кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің үлгісін көрсетті.

Ж.Қамза

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT