АУДАНДА «ANTI FRAUD» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

АУДАНДА «ANTI FRAUD» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
(0 Votes)

Қазіргі таңда интернет алаяқтық – қоғамымыздың ең өзекті және алаңдататын мәселелерінің біріне айналды. Осыған байланысты 13-15 мамыр аралығында Мақат станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет аумағында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған «ANTI FRAUD» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Интернет алаяқтықтың кең таралған түрлеріне келесілер жатады:

  • Интернет арқылы сауда-саттық кезінде алдын ала төлем талап етіп, кейін алдау;
  • Өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың жеке деректерін иемдену;
  • Азаматтардың құжат көшірмелерін пайдалану арқылы олардың атына несие рәсімдеу;
  • Қаржы пирамидалары;
  • "Сіздің нөміріңіз ұтыс жеңіп алды" деген желеумен қоңырау шалу;
  • SMS хабарламалар арқылы «тауар жеткізу үшін тек салық төлеңіз» деген сияқты жалған ақпарат тарату.

Мұндай алаяқтықтан қорғану үшін келесідей қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды:

  • Банк карталарының деректерін, CVV-кодтарын және құпия сөздерді ешкімге хабарламаңыз;
  • Белгісіз және тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жасамаңыз;
  • Күмән тудыратын мәмілелерге ақша аудармаңыз;
  • Алаяқтыққа күмән туындаған жағдайда дереу полицияға немесе банкке хабарласыңыз.

Азаматтарды сақтық шараларын ұстануға және интернеттегі алаяқтық әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз!

 

Қ.Ералиев,

Мақат ст.ЖПб бастығы полиция майоры

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT