Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі

(0 Votes)

«Дін ұстай алсаң - қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деп ата-бабаларымыз ежелден ұстанып келе жатқан асыл дінімізді қасіретті дертке айландырмауды айтып кеткендей.

Қазіргі таңда дін тақырыбында әртүрлі пікірлердің көбейіп кеткені жасырын емес. Имандылыққа бет бұрып, дұрыс жолда жүрген жастарымыздың көбейіп келе жатқандығы көңіл қуантады. Бірақ, дәстүрге қарсы шығып, дінді бұра тартып жүргендер де бар. Осы тұрғыда жат ағымның жетегіне еріп кетпес үшін, жастарға дінді дұрыс танып түсінуге имамдар мен теолог мамандардың айтар кеңестерін тындаған жөн. Өйткені, қазір әр жерден естіп, көрген-білген нәрселерін дінге әкеліп таңғысы келетіндер көп.


Өткен аптаның бейсенбісінде аудандық ақпараттық түсіндіру тобының жетекшісі Ж.Жұмағалиева мен «Шапағат» орталығының теолог маманы А.Қарамат аудандық мәдениет үйі және кітапхана ұжымының қызметкерлеріне «Жат ағымнан сақ болайық!», «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» тақырыбында кездесу өткізген болатын. ¬Шара барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мәліметтерді алды. Сондай-ақ, мамандар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 453 және 490 баптарына түсіндірме беріп өтті.
Әдет-ғұрыпымызды сақтай отырып, асыл дінімізді бойымызға сіңіру - біздің басты міндетіміз, адами құндылығымыз.

whatsapp-image-2022-02-16-at-07_13_31


Сондықтан да түрлі діни ағымдардың ықпалымен экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, қоғамға бүлік салудан аулақ болу қажет. Бұл бағытта дін са¬лବсын¬дағы ақпараттық-түсіндіру топ¬тары жұмыс жасайды. Сол себепті алдағы уақытта өзімізге де, қоғамға да зиян келтірмес үшін осы бағыттағы іс-шаралар жалғасын таппақ. Өйткені, жат ағымның жетегінде кету жақсылыққа апармайтыны сөзсіз.

Ә.ҚАСЫМ,
сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521