Әбіл Азия чемпионы атанды

(0 Votes)

Қырғызстан елінің Шолпон-Ата қаласында ММА-дан (GAMMA нұсқасы бойынша) ересектер арасында Азия чемпионаты өткен болатын.

Дүбірлі дода да аралас жекпе-жек пен страйкинг түрінен 16 салмақта әлемнің 12 елінен 150-ге тарта спортшы бақ сынасты. Ел намысын аудан атынан қорғаған жергілікті спортшы Әбіл Галиев көрші мемлекетте көк туымызды көкке көтерді.


Алғашқы кездесуінде Әбіл қазақстандық спортшымен жұдырықтасып, ақтық сында пәкістандық спортшыны тізе бүктірді. Ол екі кездесуінде уақытынан бұрын ұтып, өзінің мықтылығын дәлелдей білді. Осылайша Ә.Галиев өз салмағы бойынша Азия чемпионы атағына ие болды.


Турнирдің алдында Әбіл жаттықтырушы Ислам Галиевтың жетекшілігімен бір айлық жаттығудан өткен. «Мені осы жарысқа дайындаған және сенім артқан бапкерлеріме және қолдау көрсеткен ағаларыма алғысым шексіз. Біз осы жеңіспен шектелмейміз. Әлі де ел намысын әлемдік ареналарда қорғауға дайындаламыз»,- дейді Әділ.


Сондай-ақ бұл чемпионатқа облыс атынан қатысқан Д.Балмұханов жеңіске жетсе, тағы бір спортшы Ә.Қайырғали үздік үштіктен көрінді.
Айта кетейік, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есеп бойынша бірінші орынды еншіледі. Ел қоржынында 14 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль бар.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521