Ертегінің көмегімен балалардың сөйлеу және есте сақтау қабілеті дамитыны белгілі.
Сондықтан балаларды ұқыптылық пен ептілікке, бірлік пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында аудан орталығындағы «Болашақ» бөбекжай балабақшасының кіші «Еркетай» тобында «Шалқан» ертегісі сахналанды. Балабақша тәрбиешісі Айнагүл Асқарқызы қойған ертегіде кішкентай бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға дағдыланды.
«Шалқан» ертегісі арқылы балаларға бір отбасының татулығы көрсетілді.
«МТ»