Алдымызда үлкен саяси науқан. Оған дайындық ерте басталды. 10 желтоқсанда саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарына көшеді. Сайлау науқанының нағыз қызған уақыты 10 желтоқсанда басталмақшы.
Бұл жолғы сайлау науқанының бір ерекшелігі, партиялар қоғамға танымал азаматтарды қатарына көптеп тарта бастады. Осы арқылы электораттың назарын өзіне аударуға, халықтың даусын көбірек тартуға тырысатындығы анық.
Кез келген сайлау бізді демократияға бір саты жақындата бермек. Алдағы сайлау да қоғамдық даму мен саяси мәдениетті бір саты алға жылжытатын процесс болуы керек. Сайлауға қатысу, дауыс беру, байқаушы болу арқылы біз саяси мәдениетті көтереміз әрі демократиялық құндылықтарды қалыптастырамыз. Бұл - өте маңызды қадам.
Қазір кез келген ел азаматы сайлау науқанына қатысты ақпараттармен Орталық сайлау комиссиясының сайтынан да ала алады.
Әр қазақстандық болашақтан жағымды жаңалық күтеді. Ал, қаңтардың 10-ы күні өтетін сайлау өзгеріске толы боларына сенемін. Соңғы кезде байқағанымдай, жастардың белсенділігі артып келеді. Елім деген азаматтардың саяси науқаннан тыс қалғаны дұрыс емес. Ал, жаңа адамдар жаңа, тың өзгерістермен келетіні сөзсіз.
Ерғазы ЖОЛАМАНОВ,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы