14 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аудандық тәжірибелік конференциясы өтті.
Пленарлық мәжілісті аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Темірбайұлы жүргізді. Конференция Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен дамуындағы рөлі арттыруды мақсаттады.
Алдымен, пленарлық мәжілістің алғашқы сөз кезегін аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы бастап, құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбымен тарих пәнінің мұғалімі Лаззат Жұмабаева, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: тарих беттері және қазіргі заман» тақырыбымен қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қуандық Таңғалиев, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіз Қазақстанның тарихы» тақырыбымен Сандуғаш Рзаканова, «Мұнайлы өлке – туған жер» тақырыбымен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Марияш Сатимова баяндама оқыды.
Сондай-ақ, шара барысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікпен жарық көрген М.Баймұханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатимова Марияш Балтабайқызының «Шуақты күндер» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесер рәсімі аудан әкімі Шәкір Кейкінұлына ұсынылды.
Одан кейін ауданға қарасты білім беру ұйымдарындағы 1991 жылғы ұстаздар, тәуелсіздік құрдастары аудан әкімінің алғыс хаты мен гүл шоқтары табысталды.
Конференция ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, Е.Хасанғалиевтың «Аяулы мекенім» атты әнін Ә.Қайырбек, Ж.Сәтжановтың «Тәуелсіз елім» атты әнін Мақат балалар өнер мектебінің хоры орындады. Сондай-ақ, «Әсем-ай» би тобы «Сағым дала» би қойылымымен өнер көрсетіп, Х.Санбаев мектебінің оқушылары «Алға, Қазақстан» флешмобымен көрермендердің қошеметіне бөленді.
Ә.Қасым
Суреттер автордан