Бар жақсылық балаларға

(0 Votes)

1 маусым күні балаларды қорғау күні ауданда мереке ерекше форматта атап өтілді. Балалар жылына орай ұйымдастырылған іс-шара сурет салу, асфальтқа түрлі түсті бормен сурет салу, спорттық ойындар (асық ату) және өнерпаз бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасы бағытында жалғасты.

Балалық шаққа саяхат!

Мерекелік кештің алғашқы бөлімінде "Мен суретшімін" атты мерекелік сурет салу шарасы өтті. Оған ерекше білімді қажет ететін 3-7 жас аралығындағы балалар мен сурет үйірмесінің оқушылары қатысты. Бүлдіршіндер тақтайшаларына сурет салып, бақытты балалық шақты бейнеледі. Бұл шараға 20 дан астам суретші қатысты. Мерекелік кешке белсене қатысып, бақытты сәттерін парақ бетіне түсірген қылқалам шеберлеріне марапаттар табысталып, арнайы сыйлықтар тарту етілді.

mereke-2

Асфальтқа салынған сурет

Келесі байқау "Біз бақытты баламыз" деп аталды. Балғындар білім бөлімі мекемесінің алдына түрлі түсті борлармен асфальтқа суреттер салды. Күре жолдың үстіне өрнектелген туындылардың ішінде бала арманы, бала бақыты, бәйтерек, гүлдер мен автокөліктер суреттерін кездестіруге болады. Жас бүлдіршіндердің айтуынша бұл жолға салынған суреттердің әр қайсысының қилы мағынасы бар. Бірі отбасын бейнелеп, бақытты екендігін алға тартса, кейбір балалар өз армандарын жол бетіне түсіргендігін тілге тиек етті. Бұл шараға қатысқан бүлдіршіндердің барлығы "Байдар" ойын-сауық орталығына жолдама ұтып алды.

mereke
Өлкенің гүл жайнаған балғындары

Әрі қарай мерекелік кеш мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен балабақша, Мақат және Доссор өнер мектебі өнерпаздарының мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты. «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасы бүлдіршіндері мерекелік құттықтау тілектерін айтып, бал бөбектер тәтті қылықтары мен тамаша өнерлерін ортаға салып салтанат құрды. Әрі қарай, "Шаттық" ансамблінің мың бұралған бишілері мен мәдениет үйі ордасының талантты өрендері кеш көркін қыздыра түсті.
Шара барысында ертегі әлемінің кейіпкерлері балапандармен суретке түсіп, ойнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалардың қуанышына ата-аналар да мәз мейрам болды.


Айдана Жұмабергенова,
Суреттер автордыкі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT