Балғындар күзді қарсы алды

(1 Vote)

Бүлдіршіндер ұясы «Болашақ» бөбекжай балабақшасында «Сиқырлы күз» ертеңгілігі өтті. 

Мерекеге балалар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер туралы өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті. Ересек «Күншуақ» тобының тәрбиешілері Жайнагүл Жанжігітқызымен Динара Зейноллақызы бүлдіршіндерді  сезімталдыққа, сыпайылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін әңгімелерді айтып кешті жүргізіп тұрды.

Кеште бүлдіршіндер балалық тәтті қылықтарымен бірі күз болып, бірі жапырақ болып өнер көрсетіп, былдырлаған тілдерімен тақпақ оқыды. Сырлы әуендерге билеген  бүлдіршіндер қызықты да көңілді тақырыптық қойылымдар қойды. Бірі қияр, бірі қызанақ болған періште көңіл бүлдіршіндер кештің шырайын келтірді. Боямасыз нәзік қылықтарымен кештің әсерлі өтуіне атсалысты.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз