Байқаушылар - әділдіктің кепілі

(0 Votes)

Доссордағы №212 сайлау учаскесіне 1467 сайлаушы тіркелген. Оның 7-уі алғаш рет дауыс береді, 14-і мүмкіндігі шектеулі жан. Сайлаудың әділ өтуін 7 байқаушы бақылап отыр. Солардың бірі - Айнагүл Әбілқасова әзірге ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын айтады. 

“Бүгін Доссор мәдениет үйіндегі №212 сайлау учаскесінде  “Қазақстанның Азаматтық Альянсы” ЗТБ-нан бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Таң атысымен Сайлау учаскесі ашылғаннан бастап тұрғындар белсенді келіп, өз таңдауларын жасауда. Сайлау барысында ешқандай құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Тұрғындарды ынталандыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Халықтың көңіл күйі көтереңкі”, - деді Айнагүл Әбілқасова.

Сондай-ақ, №212 сайлау учаскесіне қарасты «Ботақан», «Қарсақ», «Байшонас» кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 212 сайлаушы үшін дауыс беру жәшіктері арнайы жеткізілді. Аудан бойынша 35 кандидат тіркелген. 13-і партия атынан түсіп жатса, 22-сі өзін-өзін ұсынған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз