Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлау үшін Бәйгетөбе ауылдық округінде орналасқан N:209 шы сайлау учаскесі таңғы сағат 7 ден өз жұмысын бастады.
Бәйге мектеп-бөбекжай кешенінде орналасқа сайлау учаскесіне сайлаушылар таңмен таласа келуде.
“Округ бойынша 1181 сайлаушы болса, оның 287 сі шалғай елді мекендерде орналасқан. Олардың өз өтініштері бойынша дауыс беруге арнайы көліктер ұйымдастырылған”,- дейді сайлау учаскесінің төрайымы Т.Төлеубаева.
Барлық санитарлық талаптар сақталған. Әр партияның сенімді өкілдері мен қоғамдық қорлардың мүшелерінен құралған 10 бақылаушы бар.
А.САДЫКОВ
Суреттер автордан