17 қыркүйек күні Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын. Ауылдық округ тұрғындарының көпшілік дауысының нәтижесінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №5 шешімімен және аудан әкімінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №212 өкімімен Кенжебек Махмұтұлы Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің лауазымына тағайындалды.
Дүйсенбі күні аудан әкімі Ринат Ибрагимов Бәйгетөбе жұртына жаңа әкімді таныстырды. Жиынға сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин, Бәйгетөбе ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қонысалы Төлеуов, ауыл ақсақалдары, әкімдік аппаратының мамандары және тұрғындар қатысты.
Ринат Хисаұлы Қонысалы Шапайұлына елге еткен еңбегі үшін рахметін айтып, жаңа әкімге сәттілік тіледі. Ауыл ақсақалдары атынан мемлекеттік қызмет ардагері Ерғазы Жоламанов бұрынғы әкімнің жұмысына көңілдері толатындықтарын жеткізіп Кенжебек Махмұтұлы халықпен тығыз байланыста болатынына сенім білдірді.
Кенжебек Махмұтұлы 1977 жылы 6 қаңтарда Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
Еңбек жолын, Атырау қаласындағы әскери бөлімшенің взвод командирі болып бастаған. 1999 – 2017 жылдары рота командирі, штаб бастығы, бөлімше командирі, әскери бөлімше командирі қызметінде болған.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келген.
Отбасылы.
А.Жұмабекұлы