Бәйгетөбе ауылдық округі әкімін сайлуы өтті

(0 Votes)

17 қырүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформасына сай тұрғындар ұйымшылдықпен Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімін сайлады. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен барлығы 3 кандидат құжат тапсырған. Олар – Кенжебек Махмұтұлы – Х.Досмухамбетов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, Гүлжанар Өтешова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы және Аманжол Сағынғалиев – аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы.

Тұрғындар өз таңдауын жасау үшін Бәйгетөбе ауылдық округінен 1 сайлау учаскесі дайындалып, қажетті құралдармен және ақпараттық материалдармен қамтылды. Таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс беру орнында мемлекеттік әнұран шырқалып, жұмысқа кірісті. Осы уақыттан бастап сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс жасады. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мамандарының айтуынша, сайлау талаптарға сай өтіп, ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.

Саяси науқанға дауыс беру құқығына ие 1201 сайлаушының 676-сі қатысқан. Қорытынды бойынша А.Сағынғалиев – 119, Г.Өтешова – 184, К.Махмұтұлы – 354 дауыс жинады. Халық даналығында «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» деген бар. Ауылдық округтің жаңа әкімі өзін сайлаған көпшіліктің алдында жауапкершілікті сезініп, сенім үдесінен шығу жолында аянып қалмайды деп сенеміз.

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521