Отандық кәсіпкерлікке қолдау бар

Редакция мұрағатынан
(0 Votes)

Дамудың тың сатысына ұмтылған еліміз үшін алда сындарлы сәт күтіп тұр.

Жаңа Қазақстанның тың жоспарын жүзеге асыру мақсатымен көпшілік қолдауына ие Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бағдарламасы баршамызға зор міндет жүктейді.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті одан әрі дамыту жолындағы отандық кәсіпкерліктің рөлін көтеру – басты мақсаттар қатарынан деген еді.

«Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты  – бүкіл еліміздің әл-ауқатын сапалы және инклюзивті түрде жақсарту ісі өзгермейтінін ерекше атап өттім. Бұл мақсатқа еркін әрі тиімді нарықтық экономика құру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Мемлекеттің экономикадағы жетекші рөлі, әсіресе мемлекеттің бизнес ісіне араласуы келмеске кетеді және солай болуға тиіс. Мемлекеттің міндеті – заңға бағынатын бизнеске ел ішінде де, халықаралық нарықта да қолдау көрсету» – деді.

Қазақстанда адал бизнеспен айналысу кез келген адамға тиімді және қауіпсіз болуға тиіс екенін шегелей айтқан Президент сөзін аудан кәсіпкерлері жылы қабылдады.

Аудан экономикасына зор үлес қосып отырған кәсіпкерлік саласы үшін алда жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік сатып алуға, жекеменшік әріптестік бағытындағы заң талаптары арқылы қолдау білдірілетіндігі алдағы күнге зор сенім ұялатады.

Әрине, мемлекет тарапынан жасалатын қолдау мен ерекше ықыласты сезінген кәсіпкерлік саласы алмақтың да салмағы бар екендігін жақсы сезінеді. Әсіресе,  қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуде шет қалмауға тырысып-ақ келеді.

Президент атап өткеніндей,  «Әр таңға шүкірлік етіп, ынтымағымызды сақтап, тәуелсіздігімізді қастерлей білейік!

Гүлназ Едгеева,

аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры

 

           

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT