Дінді түсінсең, қасиет, түсінбесең – қасірет

(0 Votes)

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттаушы аудан әкімінің өкімімен құрылған ақпараттық-түсіндіру тобы Х.Санбаев атындағы орта мектебінде "Қасиетті дін мен қасіретті діннің айырмашылығы" тақырыбында Мақат кенті бойынша жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Аталған шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев, аудандық ішкі саясат бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Кеуелова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Абдолов,аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Е.Амиров, "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық қорының теологі Ш.Темірқұлұлы, ақпараттық талдау орталығының маманы Ғ.Ерешова қатысты.

Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев жиналғандарға бүгінде еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын бұзған әртүрлі діни ағымдар мен радикалды түсініктерден сақ болып, әрбір адам дінді сауатты білу керектігін де еске салды.

Ал, теолог Ш.Темірқұлұлы бейне-экраннан Ислам діні мен жат ағымның уағызшылары, діни кітаптардың қайсысын оқыған дұрыстығына назар аударуды жадылады. Намаз оқудың үлгісін көрсетті.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, топ мүшелері жауап берді.

Ислам дініне қатысты сұрақтардың жауабын бойынша тек қана Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы бекіткен теолог мамандардан немесе ресми сайттардан алуға кеңес берді.

Сондай-ақ, "ақпараттық талдау орталығының" тапсырысы бойынша дайындалған парақшалар мен кітапшалар таратылды. Кездесудің тәрбиелік маңызы зор болды.

А.МАСАТҚЫЗЫ,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521