Еліміз үшін тарихи маңызы бар күнде бәйгетөбеліктер белсенділік танытты.
Ауыл тұрғындары да бір кісідей атсалысып, сайлау маңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырған. Онда сүт өнімдері қолжетімді бағада сатылды. Одан бөлек, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары дауыс беруге келген тұрғындарға наурыз көже мен бауырсақтарын ұсынды.
Айта кетейік, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде орналасқан №209 учаскесінде барлығы 1147 сайлаушы тіркелген. Олардың 11:00-ге дейін 20%-дан астамы дауыс беріп үлгерген.
Ә.ҚАСЫМ