Ауданға 200 доза вакцина жеткізілді

(0 Votes)

2 сәуір күні ауданда індет жұқтырған екі адам тіркелді. Бұл статистика бойынша 2021 жылы ауданда короновирус жұқтырушылар саны 23-ке өсіп отыр.

Осы орайда мамандар эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.

Бүгінде тұрғындарды вирустан сақтандыру үшін аудандық ауруханаға 200 доза «Sputnik V» вакцинасы жеткізілді. Сәуір айының үшінен бастап COVID-19-ға қарсы ауданда жаппай екпе (вакцинациялау) басталды. Сенбі-жексенбі күндері де вакцина ерікті және 18 жастан асқандарға тегін түрде салынатын болады.

Қазіргі таңда індеттің таралу қауіпі сейілмей отыр. Тіпті қайта өршіді  десек артық айтқандық емес. Сондықтан оқшауланудан басқа амал жоқ. Індетті өршітпеу үшін адам көп жиналатын жерлерге бармау, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, мерекелік отбасылық шараларға қатыспау, денсаулығы нашар және созылмалы аурулары бар адамдардың үйден шықпауы және маска кию өте маңызды.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521