Ауданда тұрмыстық зорлық көрген әйелдер қайда жүгіне алады?

(0 Votes)

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деген не?

Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі.

Бірінші кезекте, отбасы ішіндегі зорлық. Отбасылық- тұрмыстық қарым-қатынастар деп некелі- отбасылық қатынастағы, бірге тұратын немесе бұрыңғы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты айтамыз. Мысалы, әйелі мен күйеуі бірге тұратындар, ағасы-қарындасы, әкесі-ұлы, әкесі-қызы, және т.б.

Тұрмыстық зорлықтың төрт түрі болуы мүмкін:

1) Физикалық зорлық - денсаулыққа қасақана физикалық күш немесе физикалық ауыртпалық көрсету. 

2) Психологиялық зорлық - бұл адамның эмоциясына немесе психикасына әсер ету: қорқыту арқылы, қоқан-лоқы көрсету, балағаттау, сынау, кінәраттау және т.б әрекеттер.

3) Сексуалдық зорлық- басқа адамға қатысты сексуалдық сипаттағы кез келген әрекетті қолдану.

4) Экономикалық зорлық-бөгде біреудің ақшасын немесе басқа материалдық ресустарын (тұрғын үй, тағам, киім, бақылап оны жұмсау. Бұл адамның денсаулығына физикалық және психикалық тұрғыдан әсер етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда қайда бару керек?

Отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Осылайша бұл тұрмыстық зорлық құрбандарына көмек көрсету мәселесін қиындатады. Әйелдердің көбі бұл жайлы айтуға қорқады, туыстары мен жақындарынан ұялады. Сондай-ақ олар бұл жағдайдан кейін ажырасамыз деп қорқады. Тұрмыстық зорлық құрбаны болғандармен жұмыс істейтін ішкі істер оргындары мен басқа да мамандардың мақсаты- отбасыны ажырастыру емес. Олардың мақсаты әйелдерге қажетті көмек беру тіпті уақытша баспана ұсыну. Бірақ мұндай кезде әйелдер өзі шешім қабылдайды.

Мақат аудандық полиция бөліміне жанұя жанжалы бойынша азаматшалар көмекке жүгіне алады. Түсірген арызына байланысты ҚР-ның әкімшілік құқық бұзылықтын 73 бабымен хаттама толтырып сотка іс-құжаттар жолданады. Жәбірленушінің құқығын қорғау мақсатында учаскелік полиция инспекторлары 30 тәулікке қорғау нұсқамасы беріледі.

2021 жылында дағдарыс орталығына орналасу үшін көмек сұрап келген азаматшалар тіркелмеседе биыл профилактикалық әңгімелер түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде бір әйел азаматшаны үш жасөспірімдер балаларымен дағдарыс орталығына орналасты. Алдағы уақытта тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521