АУДАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛЕКТОРИЙ ӨТТІ

АУДАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛЕКТОРИЙ ӨТТІ
(0 Votes)

«Қоғамдық Келісім мен ұлттық Бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу бойынша» республикалық дәрісханасы ауданымызға табан тіреді. 

Аудандық Жастар ресурстық орталығында өткен дәріске ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес, ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, аудандық ақпараттық түсіну тобының өкілдері, ғылыми шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен аудан жастары қатысты.

Кездесуде алғаш болып сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов қоғамдық келісім – тұрақтылығының басты шарты екендігін айтып, сол бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып келетіндігін жеткізді.

Әрі қарай дәрісте сөз сөйлеген спикерлер “Ұлттық құндылықтар және әлеуметтік желі», «Бейбіт өмір - ең басты байлық», “Қазақстандағы этносаралық қатынастар: Тарих және қазіргі заман» және «Түркі халықтары дүниетанымындағы жалпы адамзаттық идеялар» тақырыбында мәселелер көтерді.

Ә.ҚАСЫМ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT