Ауданда наурыз мерекесі атап өтіледі

(0 Votes)
https://bilimdiler.kz/

Наурыз мерекесіне орай аудан көлемінде "Еліме шуақ сыйлаған әз-Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтеді!

22 наурыз күні, сағат 11:00

-Мақат кенті Орталық алаңы және Қ.Сәтбаев, С.Бекжанов көшелері бойында 15 киіз үй тігіліп, жиналған халыққа ұлттық тағамдар мен наурыз көже ұсынылады;

-Ұлттық спорттық қазақша күрес, қол күшін сынасу, арқан тарту, кір тасы мен қой көтеру және балалар арасында ләнгі тебу, асық ойындары ұйымдастырылады;

-Аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы және мерекелік көріністер қойылады;

-Орталық алаңға «Алтыбақан» құрылып, сауда саттық жәрмеңкесі өтеді.

22 наурыз күні, сағат 11:00

-Доссор кентінде 5 киіз үй тігіліп, халыққа ұлттық тағамдар мен наурыз көже ұсынылып, мерекелік шара өтеді.

21 наурыз күні, сағат 11:00

-Бәйгетөбе ауылында 1 киіз үй тігіліп, халыққа ұлттық тағамдар мен наурыз көже ұсынылып, мерекелік шара ұйымдастырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521