25 қараша күні таңғы сағат 05:53-те аудандық №8 ӨСБ-нің байланыс бекетіне Доссор кентінен Төртқұдық елді мекеніне бағыт алған тұрғын автокөлігінің Байбақты ата тұсында батып қалғандығы жөнінде хабар түсіреді.
Іздестіру жұмыстарына №8 ӨСБ-нің УАЗ Патриот автокөлігімен жеке құрам 5 адам, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның Урал автокөлігімен 1 адам, туысқандарынан 4 адам, 1 техника жұмылдырылған.
25 қараша күні түскі сағат 12:53-те батып қалған автокөлік ішіндегі 5 адам (2 ересек, 3 бала) табылып, іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.
“Тұрғындардың жағдайлары бірқалыпты, медициналық көмекті қажет еткен жоқ. Туысқандарымен Доссор кентіне жеткізілді”, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Қ.Қыдырбайұлы.
МТ