“World Skills - 2025”

 “World Skills - 2025”
(0 Votes)

Бүгін Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде студенттер арасындағы “World Skills - 2025” атты чемпионат басталды. 

Аталмыш шара студенттерге кәсіптік бағдар беру және болашақ кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, жұмысшы мамандықтарды насихаттау және өз мамандығының үздігін анықтау мақсатында өткізілуде.

Чемпионаттың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дәстүрлі шара одан әрі колледж шеберханасында жалғасып, онда студенттер “Дәнекерлеу технологиясы”, “ Электр монтаждық жұмыстар”, “Мехатроника”, “Аспаз ісі” және “Сән технологиясы” құзыреттіліктері бойынша өзара бақ сынасты.

Айта кетейік, аталмыш шара 14 наурыз күні қорытындыланатын болады.

Ботакөз АСХАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT