Ауданда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде

(0 Votes)

Ауданда 14-15 шілде аралығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді.

Мақсаты - тұрғындарға құқық бұзушылықтың профилактикасын, сондай-ақ, қоғамдық және жол қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру және құқықтық білімдерін жетілдіру, қоғамда ұсақ бұзушылықтар жасауға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру, сондай-ақ, көші-қон заңнамасын түсіндіру.

Акция 14 шілде күні Мақат кенті, Алаш көшесі Вокзал маңы такси тұрағы мен аудандық полиция бөлімінің азаматтарды қабылдау фронт-офисінде және 15 шілде күні Доссор кенті Х.Аухатов көшесі бойындағы «Доссормұнайгаз» МГӨБ мекемесі тұрағында өтеді.

Тұрығындар қандай да болмасын сұрақтарымен мамандарға жолығуға болады.

 

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521