Бүгін, 11 қараша күні Астана қаласында «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамуға апаратын жол» атты Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумы өтті. Форумға еліміздің 17 өңірінен 170-ге жуық іскер әйел қатысқан болатын.
Шара нәзік жандылардың құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, кәсіпкерлікті қолдаудың әлеуметтік бағдарламалары арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған.
Ауданымыздан аталмыш форумға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімінің басшысы Г.Өтешова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы А.Кеуелова және "Айналайын баладан" қоғамдық қорының төрайымы Э.Мусина қатысты.
Шара барысында «Ауылдық үкіметтік емес ұйымның өкілі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Эльмира Мусина ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлінің алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, Гүлжанар Өтешова және Алмагүл Кеуелова Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы М.Айсинаның алғыс хатына ие болды.
М.Ізтұрғанова