Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен аппарат мәжілісінде аудан әкімі Ринат Ибрагимов жаңа лауазымға тағайындалған қызметкерді таныстырды.

2023 жылғы 26 сәуірдегі №96 өкіммен Мақат ауданы әкімінің орынбасары болып Ербол Қонысбайұлы тағайындалды.

Ермағамбетов Ербол Қонысбайұлы 1980 жылы 30 қаңтарда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. Отбасылы.

2006 жылы - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «тарих және география» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2002 жылы Жылыой ауданындағы №18 жоғары сатылы мектепте еңбек пәні мұғалімі болып бастап, 2002 - 2013 жылдары Мақат ауданының білім беру саласында түрлі қызмет атқарған.

2013- 2017 жылдары Мақат аудандық білім беру бөлімінің басшысы;

2017 – 2019 жылдары Мақат ауданы Доссор кентінің әкімі;

2019 – 2020 жылдары Мақат аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2020 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Мақат ауданы Мақат кентінің әкімі лауазымын атқарып келді.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT