Доссорда «Жастар» ойын алаңы ашылды

(0 Votes)

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның ғасырлық тойын атап өтуде өз филиалдары орналасқан елді мекендер қалыс қалмауда. Себебі мұнайшылар өздері жері мен кенін пайдаланып отырған өлкелерде қатарынан әлеуметтік нысандар, саябақтар және ойын алаңдарын салуда.

Қараша айының 4-і күні Доссор кентінде «Ембімұнайгаз» АҚ демеушілігімен салынған «Жастар» ойына алаңының ашылу салтанаты өтті.

jfhdg67

Салтанатты шарада алдымен аудан әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова және аудан ардагері Табылды Жолмағамбетовтер сөз сөйледі. Ал, лента қию рәсімі Азамат Жәмшебайұлы мен Рысты Нұрғалиқызына жолданды. Доссор кентінің жастарына алдағы уақытта түрлі жарыстарға пайдалану үшін берілген  аталмыш мекеменің сыйлықтары ардагер футболшы Дүйсенбай Тұрғановқа табысталды.

dusyatr545

98uy76

Шара соңында әнұранмен ту көтеріліп, Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас футболшылары өзара жолдастық кездесу өткізді.

А.Есжан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521