Доссор кентіндегі Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі мен екінші ауылдың арасындағы сортаң жерге жаяу жүргіншілер жолын салу бұрыннан қозғалып келетін мәселе қатарынан.
Өйткені кенттің аталмыш учаскесі арқылы тұрғындар жаяу қатынап, жолды қысқартады. Сөйтіп, діттеген жерлеріне барады.
Жалпы, тұзды сордың үстінде үйінді топырақ төгіліп, екі ортаға қатынауға ыңғайланғанымен, жаяу жүргіншілерге арналған жол керек-ақ.
Мәселені көтерген ардагер Қуат Мыңтұрғанов осы жылы 4-ші мәрте сауал тастап отырғанын алға тартты.
Кент әкімі Б.Ермеков өз кезегінде бұл жоба биыл іске асатынын жеткізді.
М.Серікқызы