Ардагер газшылар құрметке бөленді

(0 Votes)

Бірлік күні мерекесі қарсаңында жергілікті ардагер газшыларды «Республикалық газ саласы ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Құрман Ешпатов төсбелгімен марапаттады.

Мақат желілік өндірістік басқармасының ғимаратында өткен басқосуда ардагерлердің қажырлы еңбектері айтылып, құрмет көрсетілді.

«Құрметті сала ардагерлері, өндірістік қызметте сіздердің атқарған жұмыстарыңыз өлшеусіз. Өз ісіне адал, жоғары жауапкершіліктеріңізбен кәсібиліктеріңіздің арқасында осы салада көптеген жетістіктер мен толағай табыстарға жеттік. Сондықтан, сіздердің салып берген жолдарыңыз бен еңбектеріңіз бүгінгі жастарға үлгі-өнеге», - деді аталмыш қоғамдық бірлестіктің облыстық филиалының директоры Құрман Ешпатов өз сөзінде.

Сондай-ақ, ол газ саласына қосқан елеулі еңбегі үшін «Qazaqgaz құрметті ардегері» төсбелгісімен  бірқатар ардагерлерді марапаттады. Олардың ішінде: Қасен Шабаев, Жақсығали Құрманов,  Амантай Нұржанов, Жалғасқали Құрманов, Базар Төлеуғалиева бар.

Шара барысында сала ардагері Қасен Шабаев сөз алып, көрсетілген құрметке алғыс білдіріп, ақжарма тілегін білдірді.

 

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521