Газетіміздің өткен сандарының бірінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери-патриоттық клубтардың аудандық көрме-сайысы өткендігін жазған едік.
Ағаш пен картоннан, пластмасса сияқты қарапайым дүниелерден құрастырылған бұйымдарын ұсынған оқушылардың еңбектері сараланып, техникалар, қару-жарақтар, кеме мен ұшақтар, танктердің сұлбасы тамашалаған көпшіліктің таңдайын қақтырған еді. Жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру және алғашқы әскери дайындық жұмыстарын жетілдіру мақсатында өткен сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды М.Баймұханов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Ақниет Балтабек алған еді.
Ақниет енді осы сайыстың облыстық кезеңінде де, бақ сынап, жетекшісі Самал Қалағановамен бірге дайындаған дүниелерін ұсынды. Техниканың тілін біліп, жаңаны дүниеге әкелуге құмар Ақниет бұл жолы да еңбегі еленіп, бірнеше мықтылар қатысқан сайыста үшінші дәрежелі орынды иеленіп қайтты.
Дарындылар осындай сайыстар мен жарыстарда жетіліп, шыңдалары сөзсіз. Олай болса, Ақниеттің болашағынан зор үміт күткен жетекшісі С.Қалағанова жоспарымызды күрделендіріп, болашақта техника тілін жетік маман етіп, қалыптасуы үшін жұмыстанатын боламыз дейді.
Өз тілшіміз