Келген жыл - маңызды оқиғалар мен ірі мерейтойларға толы жыл. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Биыл еліміз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 - жылдығын, Абай Құнанбаевтың 175 - жылдығын, Алтын Орданың 750 - жылдығын, ҚР Конституциясының 25 - жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 - жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 – жылдығын атап өтеді.
Биылғы жыл жалпы еліміз үшін көптеген өзгерістерге толы, жаңалығы мол жыл болғалы тұр. Себебі, мемлекеттік бағдарламалар аясында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары да көптеген жобаларды қолға алып, халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында қолжетімді шаралардың жүзеге асуымен маңызды. Атап айтсақ, жұмыспен қамту, өз кәсібін ашу мүмкіндіктері жергілікті атқарушы орган тарапынан бақылауға алып, жүйеленіп отыр. Жұмыс беруші мекемелермен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, кәсіби білімдерін жетілдіруге де қолдау жақсы жолға қойылған.
Сонымен қатар, биылғы жыл – еріктілер жылы болып жарияланғалы бері ауданда қайырымдылық шараларына қоғамның оң көзқарасы қалыптасып, жастардың патриоттық рухын оятар игі бастамаларға бетбұрысы қуантады. Бұл зайырлы қоғамымыздың Конституциясына деген де құрмет деп есептеймін.
Мәселен, биылғы жылдың ерекшелігі де сол болар, елімізде көптеген рухани жаңғыру аясында әлемдік аренада ұлы Абайдың 175 жылдығы шеңберінде тойланғалы отырған мерейлі шара, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өту мақсатында ауданымызда да көптеген жұмыс жоспарланып отыр. Оған аудан басшылығы тарапынан үлкен қолдау тауып, жауапты тұлғалар іс-шаралар жоспарын бекітіп те қойды. Бұл жас - ұрпақтың саналы, тәрбиелі, білімді, ширақ боп өсуіне бастар жол. Ұлы Абай - ұлтымыздың мақтанышы, оның қара сөздері, өлеңдері, шығармаларымен сусындап өскен ұрпақ келешектің келбетін танытады деп ойлаймыз. Сондықтан да мектептерде, балабақшаларда, мәдениет үйлерінде жоспарланған көптеген шаралар елдің рухын жаңғыртып, санасына сәуле құяры сөзсіз.
Шығыстың ғұлама ғалымы Әл-Фарабидің еңбектерін дәріптеу, танымдық шаралар, мектептер мен кітапханаларда ашылған бұрыштармен шектелмей, ғаламторлық кеңістікте ізденістерін дамыту, көшелерде банерлер орнату, блогерлердің жұмысын қолдау шаралары да жоспарға еніп отыр.
Сол бағытта ауданда бірқатар жұмыстар жоспарға алынып, 1 наурызда алғыс айту күнінен бастап мәдени шаралар ұйымдастырылады. Ассамблеяның Конституциялық заң шеңберінде жүргізіп отырған жұмыстары елді ымырашылдыққа, саяси тұрғыда тұғырын бекітуге ықпалы ерекше деп есептеймін. Сол сияқты жоспарлы шаралар фото-көрмелер, газет, теледидар көрсетілімдері, әлеуметтік желілер арқылы жария болып, елдің назарында болуы да қамтамасыз етіліп отырады. Сондықтан да жыл бойы өтетін шаралар жақсылықтарға бастайды деп сенемін.
Бұл жасалатын жұмыстарға жергілікті бюджеттен көзделген қаржы мөлшері де шешімін тауып, мақсатты шараларға жұмсау көзделеді. Алдағы уақытта әрбір жоспарға алынған жұмыстар аяқсыз қалмайды. Игілігін ел көреді деп есептейміз.
Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!
Оксана Айкашева,
аудан әкімінің орынбасары