Әмина республикалық кезеңге жолдама алды

(0 Votes)
Әмина республикалық кезеңге жолдама алды

Таяуда дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткен болатын. Республикалық «Абай оқулары» байқауы – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді. 

Алты кезеңнен тұратын байқауға аудандық білім беру мекемесіне қарасты мектептерден бірқатар оқушы қатысып, бақ сынасты.

Нәтижесінде «Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы» бағытында Абайдың 60 өлеңін мәнерлеп оқыған Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Диана Қырықбай III орынмен марапатталып, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ұлжан Құрал III орынды иеленді.

Сондай-ақ, «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша Б.Қанатбаев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрай Нұғман жүлделі II орынды иеленіп, үздік үштіктен көріне білді.

Ал «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» бағыты бойынша Б.Қанатбаев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Әмина Аманкелді I орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Ендеше облыс намысын республикалық кезеңде қорғайтын Әминаға сәттілік серігің болсын дейміз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521