Нұрмұхамбет – чемпион!

(0 Votes)
Нұрмұхамбет – чемпион!

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларының бірінде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. 

Бүгінде Президент тапсырмасының жүзеге асуы - спортшылардың жеткен жетістіктерінен-ақ көрініп жүр.

Осыған сәйкес, мамыр айының 12-18 аралығында Әзірбайжан елінің Баку қаласында бокстан халықаралық турнир өтті.

Аталмыш турнирге 6 мемлекеттен спортшылар қатысып, сынға түсті.

Нәтижесінде, 54 кг салмақ дәрежесінде жерлесіміз Нұрмұхамбет Алдаберген жүлделі қола медальды қанжығасына байлап, мұнайлы мекеннің абыройын асқақтатты.

Бұл ретте айта кетейік, жас спортшыны жарысқа дайындауда жаттықтырушылары Н.Аюпов, П.Құлмұханов, А.Қобдабаев, А.Бисембаевтің еңбегі зор.

Бапкерлердің айтуынша, Нұрмұхамбет болашағынан үлкен үміт күттіреді.

Ендеше, қазақтың туын көкке асқақтатқан спортшымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521