«Алтын бесігіміз» қайта түлейді

(0 Votes)

«Ауыл – алтын бесік» деп тегін айтылмаған. Ауыл тақырыбын қозғаған кезде салт-дәстүр, ұлттық болмыс бірден көз алдымызға келеді. Елбасы қай кезеңде де ауылдың тұрмысына, ауыл адамдарына жағдай туғызуды әсте естен шығарған жоқ. Бұл жолы съезде сөйлеген сөзінде: «Біздің ауылдарды өсім нүктелеріне айналдыруымыз керек Әрбір ауылда қандай да бір жұмыс орнын ашу керек. Ол үшін микронесиелер бар. Жұмыс берсек тұрғындар ауылда қалады.

Бізде бірінші мамандықты тегін оқыту жүйесі, Жол картасы бар. Мүмкіндіктер мол. Тек нақты жұмыс істеу керек. Баспана мен жол салып, әлеуметтік нысандарды тұрғызып, ШОБ-ты дамыту керек. Ауылда өзінің әлеуеті бар. Өңдеу өнеркәсібін ол үшін дамыту керек. Елімізде үлгілі ауылдар жетерлік», - деді Президент. Үкіметке «Ауыл - ел бесігі» жобасын әзірлеуді тапсырды.

Біздің барлығымыздың тамырымыз ауылда. Балалық шағын ауылмен байланыстырған әр азамат оның күннен-күнге тоқырап емес, жайқалып, жаңарғанын қалайтыны сөзсіз. Олай болса, ауылдың болашағы үшін еткен еңбегімізді еселей түсейік.

Азамат ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ,

Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің мұғалімі.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Сайт әкімшілігі

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика