Бюрократияға жол берілмейді

(0 Votes)

Астана төрінде өтіп жатқан съезге қатысып, мұндағы мәселенің бәріне қанық болғанымды сіздермен бөліскім келеді.

Елбасы әсіресе, білім саласына қатысты біраз түйінді мәселелер мен ауқымды жобаларды атап өтті. Қашан да әр ұлттың дамуы оның білім мен ғылым саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені пайдалана білуінде. Жалпы, партия филиалының қабылдауына жас мамандар келіп жатады. Олардың бәріне жақсы жалақы, жақсы қызмет керек. Бірақ, бәрінің бір мезгілде жақсы болуы қиын, әрине. Оның түрлі себептері де жоқ емес. Жастардың арасында біліктілігін көрсету үшін жіберілген конкурстардан өте алмай жататындар көп. Мұның өзі жоғары білімді маман атанған жастың әуелден білімнің іргетасын дұрыс қаламағандығынан деп білемін.

Мемлекет басшысы әрбір өңірде алдыңғы қатарлы бір жоғары оқу орны болуы керек деді. Толып тұрған білім ордалары бірінен-бірі оқу сапасы жағынан асып түсуі қажет деп түсінемін.

«Университет түлегі жұмысқа орналасса, бұл университеттің бағалануы, мамандарының қажет екендігі", - деді Елбасы.

Елбасы "Халыққа көмек" жобасын іске асыруды тапсырды. Бүгінде қоғамның өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, мемлекеттік органдарды соған қарай жұмылдыру қажет.

Бұл - нағыз нәтижелі стратегия. Ол үшін халықпен кері байланыстың мықты жүйесін жасап шыққан жөн", - деді Н.Назарбаев. Осы ретте "Нұр Отан" партиясының қабылдау бөлмелерін күшейтуді тапсырды. "Бұл жерде бюрократияға жол жоқ. "Нұр Отан" партиясының барлық филиалдары соған күш салуы қажет. Партия халықтың барлық санаттарын қорғай білуі керек» деді Елбасы.

Әсима МЕНДАЛИЕВА,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521