Алғыс арқалаған арда мамандар

(0 Votes)

Елімізде айлығы аз, бірақ қызметінің талабы жоғары мамандықтар бар. Солардың бірі - әлеуметтік қызметкер. Қазанның соңғы жексенбісі - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Осыған орай  аудандық мәдениет үйінде қоғамға адал қызмет етіп жүрген сала қызметкерлеріне арналған салтанатты кеш өтті. Кеште осы салада елеулі қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің көңілі бір серпілді.  

Салтанатты мерекені аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы өте күрделі, ауыр адамгершілікті, ізгілікті талап ететін сала екенін атап өтті. Қазіргі кезде өңірде 47 әлеуметтік қызметкер бар.

anuar-2

Кеште осы саланың үздіктері марапаттарға ие болды. Еңбегі еленгендер аталмыш іс-шарада облыс әкімінің алғыс хатымен, аудан әкімінің алғыс хатымен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.

anuar-3

Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Онда әуезді әннен, күмбірлеген күйден, мың бұралған биден өрнек тігілді. Әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы орны ерекше. Сондықтан, нардың жүгіндей ауыр міндетті арқалап жүрген қызметкерлер қандай құрметке де лайықты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521