Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде орналасқан №213 сайлау учаскесінде бүгін 18 жасқа толған Әлижан Арманұлы өз таңдауын жасады.
Кәмелет жасқа енді толып, туған күнінде дауыс беру құқығына ие болған Әлижан С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 2 курс студенті.
“Бүгінгі туған күнім мәңгі есімде қалары сөзсіз. Өйткені алғашқы сайлауға қатысуым, таңдау жасауым туған күніммен тұстасты. Өз таңдаған үміткеріме дауысымды бердім. Сайлауға жастардың бәрі қатысуы керек, өйткені ол - біздің болашағымыз”,- деді Әлижан.
Әлижанмен бірге түгел отбасы да келіп, өз таңдауларын жасады.