Депутат өз таңдауын жасады

(0 Votes)

№210 сайлау учаскесінде қазіргі уақытта сайлау учаскесінің төрағасы мен хатшысы және 5 комиссия мүшесі мен 3 бақылаушы жұмыс істеуде.

"Amanat" партиясы атынан бақылаушылық міндетті атқарып жүрген - аудандық мәслихаттың депутаты Нұркен Унгаров. Ол өзі де осы сайлау учаскесіне тіркелгендіктен таңмен таласа таңдауын жасады. 

"Мемлекетіміздің болашағын айқындайтын сәтте қалыс қалсам азаматтығыма сын болар еді. Сондықтан өз даусымды беріп, әрі сайлаудың әділ өтуін назарда ұстаудамын,- дейді халық қалаулысы. 

Учаскенің есігі тұрғындар үшін сағат кешкі 20:00-ге дейін ашық болмақ.

 

А.Есжан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT