"Қайырымды істер марафоны" жалғасуда

(0 Votes)

Жыл басынан жалғасын тауып келе жатқан «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы ауданымызда өз дәрежесінде жүзеге асуда. Марафонға атсалушылар зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға көмектесіп, тұрғындарға пайдалы басқа да шараларды ұйымдастырды.


Дәстүрлі эстафетаны жалғастырған аудандық ветеринария станциясының ұжымы Мақат кентіндегі жалғызбасты және аз қамтылған отбасыны бір жолғы азық-түлікпен қамтамасыз етті. Жомарт жандардың жылуын сезінген мекеме қызметкерлеріне тұрғындар да өз ризашылықтарын білдіруді ұмытпады.
Әрі қарай марафонды жалғастыру эстафетасы аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне табысталды.


Айта кетейік, ауданда ағымдағы жылдың 10 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін марафон аясында 21 іс-шара ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға барлық көмек пен қолдау көрсетіліп келеді. Ал игі істер эстафетасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
«Қайырымды істер марафоны» жомарттық пен жақсылық жасайтын қоғам құруда маңыздылығы жоғары», - дейді ұйымдастырушылар.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521