100 оқушыға оқу құралы табыс етілді

(0 Votes)

Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс.

«Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, жағдайы төмен, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
Өткен аптада «NCOC» компаниясының демеушілігімен «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына яғни, 100 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу-құралы табыс етілді.


Оқушыларға бұл сыйды аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Өтешова және аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Долдашев табыстады. Мұндағы мақсат аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық көмек көрсету болып табылады.
Жыл бойы қамқорлық пен қайырымдылыққа толы болғандығы көңілге мейірім ұялатып, жанашырлыққа жан риза демекші «NCOC» компаниясына ата-аналар тарапынан ризашылықтарын білдірді.

А.МАСАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521