Айдана - заманауи жас маман

(0 Votes)

 Өткен аптада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында «Заманауи жас маман-2023» атты аудандық байқау болып өтті. Байқау заманауи білім беру үлгісін жетілдіру бойынша жас мамандардың педагогикалық ой-ізденістерін дамыта отырып, интеллектуалдық және педагогикалық шеберлігін арттыруды мақсат етті. 

Шараның ашылуына қатысқан аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев алғы сөз сөйлеп, қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.

Байқау 4 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылар оқушылармен жасалған жұмыс бағыттарын, креативті жұмыстарын, оқушылар мен ата-аналарға арналған сайт ашу жолдарын, «kahoot» платформасымен жұмыс жасау тиімділігін, «дыбыс артикуляциясын меңгерту жолдары» мен тест құрастыру платформасын көрсетті. Одан бөлек, қатысушы мұғалімдерге педагогика және оқыту әдістемесінен кәсіптік біліктіліктерін айқындау мақсатында сұрақтар қойылды.

Шара барысында бастауыш сыныптар бойынша жас мамандар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек жолдарында шығармашылықпен жұмыс жасайтындарын көрсете білді.

Байқаудың қорытындысы бойынша, М.Баймұханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айдана Сағызбаева I орын, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің мұғалімі Айгерім Серікқалиева II орын иеленді. Қалған қатысушылар Самал Сәрсенова, Наталья Синельникова, Евгения Ратанова алғыс хатпен марапатталды.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521