Ауданда қайырымдылық фестивалі өтті

(0 Votes)

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қайырлы істің ұршығын иірген аудан жастары нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді.

Aудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауыр дертке шалдығып, Алматы қаласында ем алып жатқан жерлесіміз Гүлжайнат Саламатқызының еміне қаржылай қолдау білдіру мақсатында «Qar Fest» фестивалі өтті.

Аталған шараға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Естай Мақсотов қатысып, аудан жастарына қолдау көрсетті. Қысқы ойынның 5 түрінен өткен фестивальге қатысушы топтар шымыр дайындықпен келіп, белсене атсалысты.

Аталған жарысқа ауданның белсенді жастарынан құралған 6 команда қатысып, шара қайырымдылық мақсатында өткендіктен әр команда белгілі бір мөлшерде жарна төледі. Ал түскен қаражат Гүлжайнаттың есепшотына аударылды.

Жарыс қорытындысы нәтижесінде, барлық кезеңдерден мүдірмей өткен «Мақат стансасы» қомандасы жеңімпаз атанса, «Аудандық жұмыспен қамту» қомандасы II орын және «Аудан әкімдігінің құрамасы» командасы III орынға лайықты деп табылды. Ал шараға белсенді түрде қатысқан «Бәйгетөбе жастары», «Волонтерлар», «Мақат кенті әкімдігі» командаларына алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, жеңімпаз команда қатысушылары арнайы медальдармен марапатталды.

Ауданның белсенді жастары «Біз біргеміз!» ұранымен қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан жерлесімізге осылайша қолдау көрсетті. Ендеше, халқымыздың қанына сіңген игі қасиетіміздің сауабы мол болғай!

Әсем ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521