Бүгінде елімізде өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау, жас орындаушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылып келеді.
Осыған орай жақында Атырау қаласында "ҚР Білім беру ісінің үздігі", домбырашы - ұстаз, дирижер Боздақ Рзаханов атындағы IX облыстық "Жас орындаушылар" байқауы болып өтті.
Аталған байқауға Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары қатысып, өнер көрсетті. Нәтижесінде, домбыра номинациясы "кіші топ" бойынша Әділет Естаев I орынды жеңіп алып, жеңіс тұғырынан көрінсе, III орынды Асанәлі Қанатқали еншіледі. Ал, қобыз номинациясы бойынша кіші топтан Айкөркем Ұлықпан алғыс хатпен марапатталды.
Осы ретте өнерлі балаларды байқауға дайындап, жеңіс тұғырынан көрінуіне септігін тигізген жетекшілері Шолпан Жолдасқалиқызы, Айгүл Айтмырзақызы, Сәуле Тынымғалиқызы, Гауһар Сағызбайқызы мен Айсұлу Орынбасарқызының еңбегін ерекше айтып кеткеніміз жөн. Олар жас ұрпақты өнер жолына баулуда әлі де тынбай еңбектене бермек.
Ә.ҚАСЫМ